Эксклюзивті мазмұн:

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

«Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі музыка теориясынан дәріс берген»: Ақтөбедегі университетте заңбұзушылықтар анықталды

Оқу орны профилактикалық бақылау парағындағы 46 тармақтың 32-сі бойынша талаптарды бұзған. Ақтөбедегі Қазақ-Орыс халықаралық университетінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Оқу орны профилактикалық бақылау парағындағы 46 тармақтың 32-сі бойынша талаптарды бұзған. Мәселен, студенттерге лекцияны біліктілік талаптарына сай келмейтін оқытушылар оқиды. Мәселен, «Әуе көлігін пайдалану» мамандығы бойынша базалық білімі бар мұғалім «Мектепке дейінгі тәрбиедегі инновациялық технологиялар» және «Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәндерінен сабақ береді. Ал, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесін оқытады.

«Сондай-ақ, профилактикалық бақылау барысында кейінгі 5 жылда бірде-бір ғылыми мақала жазбаған оқытушылар магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік ететіні анықталды», – дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова.

Министрліктің мәліметінше, студенттер мен оқытушылар туралы нақты деректер ҰБДҚ мәліметтеріне сәйкес келмейді. Деректер базасында 335 оқушы мен көптеген мұғалім туралы ақпарат жоқ. Онымен қоса, университет студенттердің оқу жүктемесі мен оларды қорытынды аттестациядан өткізу талаптарын сақтамайды. Бакалавриат және магистратура студенттері академиялық кредиттерді толық көлемде игермеген. Университет оқу кабинеттерімен және зертханалық базамен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Кейбір кабинеттер санитарлық талаптарға сай келмейді. Ведомство студенттердің білім нәтижесі де көңіл көншітпейтінін айтады, 96%-ы шекті деңгейден өте алмаған.

«Университетке барлық анықталған заңбұзушылықты жоюға уақыт берілді. Алайда, оқу орның орнына, тексеру нәтижесіне шағымданумен уақыт өткізіп жатыр. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен комитеттің барлық әкімшілік актісі заңды деп танылды, ал университеттің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Соңғы

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін және ол...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Асламбек Мерғалиев 1972...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here