«Ұлт абызы. Замана заңғары»: Министр Асхат Оралов 80 жасқа толған Мұрат Әуезовке құрмет көрсетті
Алматы жұрты қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әуезовтің 80 жылдығын тойлап жатыр. Мұрат Мұхтарұлының мерейтойына арналған «Өткірдің жүзі» атты іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасында өтті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің бетке ұстар тұлғалары кездесу барысында ұлт қайраткерінің еңбегіне тоқталып, қазақ елінің руханиятына қосқан үлесін еске алды. Мұрат Әуезов халқымыздың…