Эксклюзивті мазмұн:

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

«Ұлт абызы. Замана заңғары»: Министр Асхат Оралов 80 жасқа толған Мұрат Әуезовке құрмет көрсетті

Алматы жұрты қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әуезовтің 80 жылдығын тойлап жатыр. Мұрат Мұхтарұлының мерейтойына арналған «Өткірдің жүзі» атты іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасында өтті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. 

Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің бетке ұстар тұлғалары кездесу барысында ұлт қайраткерінің еңбегіне тоқталып, қазақ елінің руханиятына қосқан үлесін еске алды.

Мұрат Әуезов халқымыздың рухани мәдениетін дамытуға, Орталық Азия халықтарының тарихи-мәдени құндылықтарын зерделеу мен насихаттауға өлшеусіз үлес қосты. «Сорос-Қазақстан» қорының басшысы ретінде білім беру, мәдениет және қоғамды демократияландыру саласындағы бірқатар маңызды орталықазиялық жобаларға бастамашы болды және жүзеге асырды. Қазақ әдебиеті мен Қазақстанның жас шығармашылық күштерінің дамуына да аянбай еңбек етті. Сондай-ақ «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеуде, сақтауда және жаңғыртуда да аянып қалмады. Жиналған жұрт, зиялы қауым өкілдері Мұрат Әуезовті қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті.

«Мұрат Мұхтарұлы кешегі Алаш арыстарының аманатын ауырсынбай арқалаған, ел мен жерге деген шексіз махабатты ту еткен, түркі әлеміне ортақ тұлға. Шығыстанушы, түркітанушы, көркемсөз шебері, қазақ дипломатиясының қайраткері. Асқар таудай әке тағылымынан нәр алған,  ұлт абызының өмірі өскелең ұрпақ үшін қашанда өнеге. Тамырында тулаған ұлтшыл мінезді Мұрат аға «Жас тұлпар» ұйымында қабырға газетін шығарудан бастап, қабырғалы қайраткер тұлғаға айналғанға дейін еш тыным таппай келеді. Қазірдің өзінде қаламын қолынан түсірмей, қалғып кеткен қалың бұхараның рухын оятуда, рухани мұратты дамытуда, ұлттың тарихи мұрасын зерттеуде атқарып жатқан жұмысы аз емес.

Жас буын Сізді ділмар дипломат, терең фәлсәфашы, бір сөзбен айтқанда тағылы мен танымның туабітті иесі деп ұғуы қажет. Замана заңғарының өнегелі өмір жолдары жас ұрпаққа қашанда темірқазық болуы қажет. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген. Оның айшықты сөзін осы орайлы жерде айтқанымыз дұрыс. Мұрат Әуезовтей алыптар шоғырының білімі де, мінезі де, парасаты да, керек кездерде ұлт кәдесіне ұпай болып жарады. Бұғаудағы рухты бостандыққа шығарып, арда ұл ретінде аянбай тер төктіңіз. Егемен елдің еңсесін тіктеп, Тәуелсіздікке тұғыр болдыңыз. Біз өз кезегімізде сіздер салған тағылымды жолмен жарқын болашаққа айқын бағыт ұстануымыз керек», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Министр мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен шапан жапты. Жалпы Мұрат Мұхтарұлы әке аманатын абыроймен арқалаған намысшыл азамат. Ол егемен елдің еңсесін тікеуде сан түрлі салада аянбай еңбек етті. Жоғары лауазымды қызметтерді де жауапкершілікпен атқарды. Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Қазақ мәдениетін, өнерін, әдебиетін насихаттауға бағытталған «Жас тұлпар» бейресми жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі ретінде де тарихта қалған тұлға. Қаламын қолынан түсірмеген кіші Әуезов баспасөз беттерінде үнемі өткір пікірлерін білдірумен келеді. Мерейтой иесінің құрметіне орай оның жарты ғасыр бойы жазған дүниелерінің көрмесі де ұйымдастырылды.

«Мен бірде Мұрат Әуезовтің газетке жазған мақаласын оқыдым. Онда оның «жас болсақ та, саналы қазақ болдық» деген сөзі ұнады. Расында да сол кезде біз Қазақстанның атын мәдени тұрғыдан  шығардық. Содан бері күні бүгінге дейін рухани құндылықтарды дәріптеп келеміз. Мұраттың бала кезі, жастық шағы көз алдымда өтті. Жүрегі мейірімге толы Фатима апайды да жақсы білдім. Болат Жансүгіров, Азат Сүлеевті де білдім. Міне, осы орта мені де тәрбиледі. Мұрат Әуезов әкесінен озатындай туындылар жазбаса да, қоғамның қалыптасуына, дамуына ерекше үлес қосты. Әлгі мақалада өзі айтқандай шынымен де, саналы қазақ болдық», – деді ақын Олжас Сүлейменов.

Мәдениеттанушы Мұрат Мұхтарұлының ұлтқа деген сүйіспеншілігі бала кезінде ақ қалыптасқан. Еліне қызмет ету, ерінбей еңбектеніп, іздену, адами қасиеттердің қалыптасуына заңғар жазушы, әкесі Әуезовтің сіңірген еңбегін орасан. Қайтаркердің әрбір сұхбаты, монографиясы құнды. Ол тек қазақ ұлтының тарихын ғана емес, күллі түркі елдерінің тарихын, ұлт ретінде қалыптасу жолдарын терең және жетік біледі. Тіптен шығыс халықтарының, соның ішінде қытайлардың өмір жолдарын да, философиясын да зерттеген. «Жібек жолындағы сұхбаттар» халықаралық мәдени жобасының бастамашысы және жетекшісі, «Уақыт арқауы», «М.М.Әуезов». Телеэссе» сынды телебағдарламалардың авторы және жүргізушісі болды. «Времен связующая нить» (1972), «Иппокрена. Хождения к колодцам времен» (1997), «Уйти чтобы вернуться» (2002), «Главпочтампт» (2018), «Ділім» (2018) еңбектері мен көркемдік процестің теориясы және тәжірибесі бойынша 200-ден астам жарияланымның авторы. Мерейтой иесіне арналған іс-шара алдағы уақытта қала көлемінде жалғасын табады.

«Бірқатар маңызды орталық құрып, Орталық Азиядағы жобаларға бастамашы болып қазақ әдебиеті мен Қазақстанның жас шығармашылық күштерінің дамуына ықпал еттіңіз. «Мәдени мұра» мемлекетік бағдарламаны жүзеге асыруға қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге, жаңартуға қосқан үлесіңіз де орасан зор. Оқырманның көңілінен шыққан көптеген еңбектердің де авторы ретінде жұртшылық жақсы біледі. Әрдайым еңбегіңіз жанып, ел-жұрттың алғысы мен абыройына бөлене беріңіз. Мерейлі белесіңізбен тағы да құттықтай отырып, деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр, ізіңізге береке тілеймін. Қала басшысы уәде еткендей, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде сіздің бастамаңызбен үлкен іс шараны қолға алдық. Оған қоса Алматының барлық кітапханаларында өтетін және мәдени ошақтарында өтетін шараларды тек сөзбен емес, қаржылай да қолдау көрсету жалғасады. Халықаралық деңгейдегі шаралардың жұмыс тобының отырысын да бастап кеттік», – деді Алматы қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

«Мұрат Мұхтарұлы – тарихи тұлға, күрескер тұлға. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасында біз мектепті бітіріп жатқанда, ол университетте ұйым құрып, дүниені дүбірлетіп жатты. Сол кезде ұйымға қосылуды армандаған мектеп оқушыларының бірі едік. Сонау советтік тоталитарлық режим қазақ деген халықты аштан қырып, кейін оның рухын, рухани мұрасын құртуға беттеген шақта, онымен келіспейтін жастар тарих сахнасына шықты. Сол жастарды Мәскеуде оқып жүрген студент Мұрат Әуезов бастады. «Жас тұлпар» бейресми ұйымын құрып, қазақтың мәдениетін, тілін, ділін қорғау жолында күресті бастады. Оның дүбірі тым алысқа кетіп, Қазақстанның өзінде сол қозғалыстың негізінде 5-6 ұйым құрылды. Бұл кеңестік тоталитарлық жүйенің зәресін ұшырды. Содан бастап Мұрат Мұхтарұлының ізіне КГБ шам алып түсті. Тек Тәуелсіздіктен соң ғана ол осы қудалаудан құтылды. Бұл Мұрат Әуезовтің өмір жолындағы бір ғана басынан өткергені», – деді жазушы Смағұл Елубай.

Қайраткердің өмірі мен шығармашылығы жас ұрпаққа үлгі ғана емес, өміртану жолында да дайын даңғыл. Ол ұлттардың тарихын терең зерттеп қана қоймай, ғасырдан ғасырға жалғасқан ажырамас ұстанымдарын да айқын көрсетіп берген. Сонымен қатар әлемдік геосаяси жағдайларға да баға беріп, қауіп пен қатерді болжап отырады.

Соңғы

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

Алматылық қажылар Меккеге ұша алмай, ақшасын қайтара алмай жүр

Қажылыққа баратын 300-ден аса адам «Кәусар тревел» компаниясына алданған...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына 300 млн теңгеден астам мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін жаза тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 46 жастағы аға оқытушы бұған...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here