«Украина билігінде ұлтшылдар отыр»: Путинді және соғысты қолдаған «ақжолдық» депутат жазаланды
Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Осыған дейін депутаттың БАҚ-қа сұхбат беріп, онда Владимир Путинге әрі арнайы атауға ие болған Украина аумағындағы «арнайы операцияға» қолдау білдіретінін айтқан. «Мен Ресей президентін қолдаймын. Арнайы операцияны да қолдаймын. Осы жазға дейін Зеленскийді өз халқы ұстап, сотқа береді…