Эксклюзивті мазмұн:

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

«Көзінен сүйек алып шықты»: Алматыда мектеп оқушысы денешынықтыру сабағынан кейін күрделі отаға түсті

Алматы қаласының №48 мектеп-лицейіндегі денешынықтыру сабағынан кейін 9 жастағы бала ауыр жарақат алып, күрделі ота жасатқан. Бұл туралы оқушының анасы Facebook-те жазып, кінәлілердің қатаң жауапқа тартылуын талап етті, деп  хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy сілтеме жасап.

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі баланың басын салбыратып көтеріп келе жатқаны түсіп қалған. Ал мектеп әкімшілігі ешқандай медициналық көмек көрсетпеген. Тіпті, жедел-жәрдем қызметін де шақырмаған.

«Маған мектептен хабарласып, ұлымның бір баламен соқығысып қалғанын айтты. Жүрегі айнып құсты, жедел-жәрдем шақырайық па деді. Мен өзімнің баратынымды айттым. Келсем бала аяғынан тұра алмайды, мұрнынан қою қан сорғалап жатыр. Мұғалім есіктің алдына шығарды да, сауығып кетіңіздер деді. Болды. Мен баланы ауруханаға жедел-жәрдем шақыртып, өзім жеткіздім. Мектеп әкімшілігі дер кездінде балаға қажетті медициналық көмек көрсетпеген», – деп жазды оқушының анасы.

Ата-ана 20 желтоқсан күні мектеп директорына өзі хабарласып, оқиғаны баяндаған. Оған дейін мектеп тарапы баланың жағдайын білуге құлық танытпаған.

«Балам ауруханада жатқан кезде тек сыныптастары мен олардың ата-аналары келді. Оқиға туралы директоры А.Б.Конакпаеваға хабарласқаннан кейін сынып жетекшісі қоңырау соқты. Ол тек қана мектеп директорының үстінен шағым түсіресіз бе деп сұрады. Ал баланың жағдайын сұраған да жоқ. Ал директор мектеп инспекторына айтпаған. Мен аудандық полиция бөлімшесіне хабарладым. Содан кейін ғана мектеп директоры мен денешынықтыру пәнінің мұғалімі істі сотқа дейін жеткізбеуімді өтініп, жалынды», – деп жазды ол.

Ата-ана денешынықтыру сабағы спорт залда 3 пен 8 сыныптарға бірге өтетінін мәлімдеп отыр. Арасында 10 сыныптың оқушыларда келіп волейбол ойнайды деп отыр. Тіпті, мұғалім дәрісті 10 минутқа кешігіп бастайтына қатысты барлық дәледемелерінің бар екенін жазған. Мұғалім жоғары сыныптың оқушылары кіші сыныптың оқушыларын доппен ұруға жол беріп, өзі ұзақ уақыт телефонға телміріп отырады екен. Анасына сабақтың үнемі осылай өтетінін күрделі отадан шыққан баласы да растаған.

«Дәл осындай немқұрайлықтың кесірі біздің ұлымызға тиді. Балам сол күні мұғалім бізді ойнауға жіберді де, өзі телефонға қарап отырды деп айтты. Балалар залда бақылаусыз жүрді. Мұны мұғалімнің өзі де мойындап отыр», – деп жазды баланың анасы.

Бұл дерек бойынша Алматы қаласы Медеу аудандық ПБ тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Баланың алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тексеру шаралары кешенінің нәтижесі бойынша іске қатысты шешім қабылданатын болады», – делінген хабарламада.

Ата-ана бұл жағдайдың жазатайым оқиға емес екеніне сенімді. Сондықтан құзырлы орган тарапы кінәлілердің қателіктерін әшкере етсін деп талап етіп отыр. Ал баланың болашақта мүгедек болып қалмауына кепіл жоқ.

«Баламызға жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, зигоматикалық сүйектің жабық сынуы,сол жақтағы жоғарғы синустың алдыңғы қабырғасы 1 дәрежелі сол жақ көз алмасының контузиясы, торлы ангиопатия OS., сол жақ параорбитальды аймақтың жұмсақ тіндерінің көгеруі деген диагноз қойды.

Баланың көз түбіне титан торы орнатылып, сүйек сынықтары алынған. Бет сүйегіне титан тақтасы орнатылды. Бас сүйегі өседі, ол кезде беттің деформациясы және қайта ота жасалуы мүмкін»,- деп отыр ата-ана.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=154932637330031&id=100084398868055

Соңғы

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

Алматылық қажылар Меккеге ұша алмай, ақшасын қайтара алмай жүр

Қажылыққа баратын 300-ден аса адам «Кәусар тревел» компаниясына алданған...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына 300 млн теңгеден астам мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін жаза тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 46 жастағы аға оқытушы бұған...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here