Шымкентте арыстанның күшігін базарда сатпақ болғандар ұсталды

Шымкенттегі базарда «тірі тауар» — арыстанның күшігін сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жедел уәкіл қызметкерлері жануарды Түркістан облысының тұрғынының көлігіндегі жүк салғыштан тапқан. «Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу жайты бойынша полициямен қылмыстық іс тіркелді», — делінген полиция хабарламасында. Қылмыстық кодекске сәйкес күдікті үш…

Толық оқу

Қарағанды облысында үш жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды

20 қарашада Алматы – Екатеринбург автожолының 1063 шақырымында үш көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жергілікті полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт Қарағанды облысының полициясында тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Толық оқу

Шардарада білім бөлімінің лауазымды тұлғалары 3,7 млрд теңге ұрлаған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 12 қатысушыдан тұратын тұрақты ұйымдасқан топ, оның ішінде бөлім басшылары мен олардың бағынысты бухгалтерлері білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару жолымен 2020-2023…

Толық оқу

Ақтөбедегі тікұшақ апаты: екі ұшқыштың жағдайы қалай?

Тура он күн бұрын Бейбарыс Ыбыраев пен Рүстем Нығметов мінген тікұшақ оқу-жаттығу кезінде Сарыжар ауылы маңында құлаған еді. Әуе апатынан екі офицер жарақат алып, тағы бір ұшқыш Батыр Оразымбетов оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Кәсіби үш ұшқыш басқарған Ми-8-дің ақауы болған көрінеді. Мұндай болжамды Қорғаныс министрлігінің өкілдері айтты. Бір ажалдан…

Толық оқу

Жаңаөзенде бір мопедке мінгескен жасөспірімдер жол апатына түсті

Жаңаөзенде үш жасөспірім мопедке мініп, жолда жеңіл көлікке соқтығысқан. Салдарынан бір бала көз жұмды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға 18 қараша күні сағат 20:30 шамасында болған. Олардың екеуі – 2010 жылы туған, ал біреуі – 2011 жылғы. Кішісі апаттан көз жұмды. «Екі бала Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасына қабылдау бөлмесіне жеткізілді», —…

Толық оқу