Жетісу облысында бір әйел алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
2 жыл бойы өзін банк қызметкеріретінде таныстырған әйел халықтың сеніміне ие болып, оларға ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға және тегін субсидиялар алуға көмегін ұсынған.
13 адам алаяқтың құрбаны болған. Оның келтірген шығыны 12 миллион теңгеден асты.
Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, гранттар, субсидиялар немесе несиелер алған кезде орын алған мұндай жағдайлар туралы хабарлауға шақырды.
58