«Қазақтар бізден қорқады»: Роналдудың жерлестері сес көрсетті

Ертең, 26 қыркүйекте Қазақстан – Португалия матчы өтеді

Футзалдан Португалия құрамасының ойыншысы Эрик Мендонка Meta-ratings.kz сайтына берген сұқбатында әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Қазақстанға қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today сайты Dopmedia.kz сілтеме жасап.

«Өткен әлем чемпионатында біз жартылай финалда Қазақстанмен кездесіп, тек пенальти арқылы жеңіске жеттік. Қазақстан – мықты құрама, біз оны жақсы білеміз. Біз – әлем және Еуропа чемпиондарымыз, сондықтан, бәлкім, олар бізбен кездескісі келмеген болар (күледі). Бірақ мен Қазақстан бізден қорқады деп ойламаймын. Олардың құрамында тәжірибелі ойыншылар бар. Оларға тек 1/8 финалда төмен рейтингтегі қарсыласпен ойнау ұнаған болар», – деді Мендонка.

Еске сала кетсек, Қазақстан мен Португалия арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалдық матчы 26 қыркүйекте, Әндіжанда өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады.