Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем ережелеріне түзетулер жобасын дайындады. Мұнда енді Қазақстанда шұғыл көмек қажет болса да, кешке немесе түн ортасында шақырған науқастарға жедел-жәрдемнің бармайтыны көрсетілген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған бұйрықтың тиісті жобасы бір күн бұрын талқылау үшін жарияланды. Талқылау 8 қазанға дейін жалғасады.
Түзетулерге сәйкес, жеделдіктің 4-ші санатындағы қоңыраулар түскен кезде, яғни науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбеген жағдайларда “жедел жәрдем» жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін және сенбі күні түске дейін қызметте болады.
Құжаттың салыстырмалы кестесінде бұл шешімнің тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан жасалғаны түсіндіріледі. Шенеуніктер мұның кредиторлық берешектің пайда болуына әкелетінін айтты.
«Ағымдағы тариф МСАК ұйымы жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің барлық шығындарын толық өтеуді қамтамасыз етпейді», – делінген салыстырмалы кестеде.