
Молданың боди-массаж жасатып, жөзөкшелерге баратыны рас па – Атырау мешіті ресми жауап берді
Атырау облысының орталық мешіті «Құспан молла» мешітінің имамы аморалды әрекеттерге барады деген айыпты жоққа шығарды. Бұған дейін «Атырау қаласының «Құспан молла» мешітінің молдасы Эммат Ғұмаровтың мүфтият басшылығына Атыраудың бекіресі мен қара уылдырығын ай сайын жіберіп тұрады, кәсіпкерлер мен меценаттардың арқасында байып, үйір-үйір жылқы,жүздеген түйе мен сиыр-қойға ие болды, одан қалса, анаша шегіп, жеңілтек қыздарға боди-массаж…