
Утиль алымынан босатылды: мамандандырылған ХҚКО басшылары ұсталды
Қарағанды облысында Қаржы мониторингі агенттігі жүк автокөліктерін заңсыз бастапқы тіркеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі. Күдіктілер — арнайы ХҚКО-ның бұрынғы басшысы мен ХҚКО басшысының орынбасары — ұсталып, сотпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. «ХҚКО қызметкерлері көлік құралын бастапқы тіркеу алымы мен утиль алымын төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк автокөліктерінің VIN-кодтары бойынша…