Үшінші рет әке атанған Мейрамбек Бесбаев жарының жүкті екенін білгендегі қуанышын жасыра алмады.
Фото: https://www.instagram.com/marhabat.besbaeva/
Өнер иесінің жары жүктілік тестін көзілдіріктің қорабына салып берген.
“Ал жақындарымның реакциясын қабыл алыңыздар! Көрген сайын жылағым келеді. Осы жерде күшті естелік болып қалсын. Мәкеңе “Саған жаңа жылға күшті сыйлық дайындадым” дедім. Енді сіздердің реакцияларыңызды күтемін”, – деді Мархабат Бесбаева.
Еске салайық, Мейрамбек Бесбаев жаңа туған сәбиіне жан тебірентерлік жазба жариялап, оқырман жүрегін елжіреткен еді.
“Күн сәулесі төгіліп келбетіңе,
Құрсағында анаңның тербетіле,
Толғағы жоқ әкеңді толғандырып,
Қызым менің,қош келдің жер бетіне!”, – деп жазған еді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әнші қызына Айзия деп ат қойған.