
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО төрінде аталып өтті
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай мерейтойы Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде халықаралық деңгейде ұлықталды. Әдеби мұрасына ерекше із қалдырған жазушының еңбектері бүгінгі таңда да кеңінен насихатталып, шетелдік оқырмандар арасында танымалдыққа ие болуда. Осы шара барысында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өткізілді. Бұл алқалы жиынды Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы…