editor

«Стамбұлға тексертуге апардым»: Айгүл Иманбаева анасының денсаулығын айтып, көз жасына ерік берді

Әнші Айгүл Иманбаева «Төрлетіңіз» бағдарламасында анасын Стамбұлға апарғаны жайлы айтып, жылап қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Анамның анализдерінен ақаулар шығып, Стамбұлға тексертуге апардым. Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өте шықты. Мәңгілік жүретін сияқты, адамның рухы өлмейді ғой, сол себепті де сондай сезім болатын шығар. Осы тексеруге апарғанда көп дүниені бастан өткеріп, сабақ алдым. Осы сапар 10…

Толық оқу

Атырау облысында оқушыны қызметтік көлікпен қағып кеткен полиция сотталды (ВИДЕО)

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзған полицияға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. «Қызылқоға ауданы Полиция бөлімі патрульдік полиция тобының инспекторы әріптесімен бірге қызметтік автокөлікпен келе жатып, артына бір бала мінгестіріп алған мотоцикл жүргізушісін тоқтатқысы келген. Дыбыс белгісі арқылы тоқтауды…

Толық оқу

Тоқаев Ресейге БРИКС саммитіне барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазанда өтетін БРИКС саммитіне ұшады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Мемлекет басшысының Ресейге рейсі сәрсенбі күні түске жоспарланған. Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Мысыр және Эфиопия сияқты тоғыз мемлекеттен құралған БРИКС саммитіне 20 мемлекет басшылары мен әлем көшбасшылары қатыспақ. Сонымен қатар саммитке БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш келді….

Толық оқу

Талғарда изолятордан қашқан күдікті жиен қарындасын зорлаған болып шықты

Талғарда уақытша тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті әлі табылмай жатыр. Ер адам зорлық жасады деген күдікпен ұсталған еді. Талғар тұрғындарының айтуынша, ол өзінің жиенін зорлаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 26 жастағы күдікті 21-қазан күні қашып кеткен еді. Ол қамалғанға дейін Тереңқара ауылында тұрған. Оның үйін полиция бақылауға алып күзетіп тұр. Ал оның туыстары ешкіммен сөйлескісі келмеген….

Толық оқу

Семейде жеті жасар баланы көлік қағып кетті

Семей қаласында Селевин көшесінде 7 жасар баланы жолдан жүгіріп өткен кезде көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Абырой болғанда, бала тек жеңіл жарақаттармен аман қалды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырды.

Толық оқу