Семейде жеті жасар баланы көлік қағып кетті

Семей қаласында Селевин көшесінде 7 жасар баланы жолдан жүгіріп өткен кезде көлік қағып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Абырой болғанда, бала тек жеңіл жарақаттармен аман қалды.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жауапқа тартылды.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырды.

85