editor

Ақмола облысында мүгедек балаларға бөлінген қаражат жымқырылған

Прокуратура мүгедек балаларға арналған қаражаттың жымқырылғанын анықтады. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасы хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.   — Көкшетау қаласының прокуратурасы «Artsport» және «DamuBala» бағдарламалары аясында балаларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секцияларына бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемаларын анықтады. Атап айтқанда, Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік тапсырыстарды жеткізушілердің бірі секцияларға мүлдем қатыспаған…

Толық оқу

«Қандай кино көру керегін солар шешеді»: Бағлан Әбдірайымов отбасын әйел басқаратынын айтты (ВИДЕО)

“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов отбасындағы әйелдің рөліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Өнер иесі отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңді сөз етті. “Мынадай мәселе бар. Қазір барлығын әйелдер шешеді. Кинотеатрға барып, қандай кино көру керек екенін әйел шешеді екен ғой. Мысалы, менің досым бала-шағасын алып, біз түсірген киноға барған ғой. Тура киноға…

Толық оқу

Атырау мектептерінде сиыр еті мәзірден алынып тасталды

Атырауда Сібір жарасына байланысты мектептердегі мәзірден сиыр еті уақытша алынып тасталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Атырау қаласының білім бөлімі қазір бұл аурудың мектеп оқушыларына жұқпауының алдын алуда. «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың (сібір жарасы) алдын алу мақсатында біз Атырау облысының білім басқармасына қала мектептерінің перспективалық мәзіріне өзгерістер енгізу, яғни талаптарға сәйкес сиыр етін басқа өнімге ауыстыру…

Толық оқу

Депутат 31 желтоқсан демалыс күні болса қолдайтынын айтты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына берген жауабында жаңа жыл мерекесінің демалыс күнін 31 желтоқсанға ауыстырудың қаншалықты орынды екені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  — Шынымды айтсам, осы сұрақ мені де мазалайтын. 31 желтоқсан неге демалыс күні емес? 31 желтоқсанда көңіл-күйіміз мүлде басқаша болады. Есімде, оқушы кезімізде де, кейін де осы сұрақты қоятынбыз. Ондай шешім…

Толық оқу

«Ресми түрде жұппыз»: Әлем чемпионы Жібек Құлымбетоваға сүйіктісі сөз салды (ВИДЕО)

Джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 мәрте әлем чемпионы Жібек Құлымбетоваға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Құлымбетованың болашақ жары өзінің бапкері, 6 дүркін әлем чемпионы Самат Айтпанбет екені белгілі болды. 27 жастағы Самат Айтпанбет қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Ол Жібек Құлымбетоваға 18 жасқа толған күнінде Алматы қаласында сөз салған. «Туған…

Толық оқу