editor

Ұшақ апатынан 28 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтаудағы ұшақ апаты орнынан әртүрлі жарақаттармен 28 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның бесеуі экипаж мүшесі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. Алдын ала мәлімет бойынша 22 адам ауруханаға жеткізілген. Барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтылануда. Фото: Reuters

Толық оқу

Сұмдық! Ақтау маңында ұшақ құлады

Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Сәрсенбі, желтоқсанның 25-і күні таңертең Әзірбайжан астанасы Бакуден Грозныйға ұшқан Әзірбайжан әуе жолдарының ұшағы төтенше жағдай туралы белгі берді. Ұшақ Ақтау маңында құлаған.

Толық оқу

Қазақ ауыр атлеті Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді. Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келімен иеленсе, үздік үштікті…

Толық оқу

Семейде биіктен құлаған мұғалім қызметіне қайта орала ала ма – Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Фото: Stan.kz Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Гүлнәр Сәрсенбаева Семейде биіктен құлап кеткен мұғалімнің қазіргі жағдайы жайында айтып берді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.  Гүлнәр Сәрсенбаеваның айтуынша, мұғалім жансақтау бөлімінен шығарылып, палатаға ауыстырылған. «Науқас 21 желтоқсанда бас сүйек-ми жарақатын алды. Сол күні шұғыл ота жасалды, қазір жағдайы…

Толық оқу

Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Вера Павловнаның үйіне барып, оған жаңартылған жеке куәлігін табыстады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. «Біз, қарт адамдар, көп нәрсе сұрамаймыз. Тек сәл көңіл бөліп, қамқорлық танытып, құрмет көрсетсе болғаны», — деді ол. Вера Павловна өз жасына қарамастан, денсаулығының жақсы екенін айтып, погонды қонақтарына да сондай денсаулық тіледі. Полицейлер болса бұл құжаттың да…

Толық оқу