Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Вера Павловнаның үйіне барып, оған жаңартылған жеке куәлігін табыстады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

«Біз, қарт адамдар, көп нәрсе сұрамаймыз. Тек сәл көңіл бөліп, қамқорлық танытып, құрмет көрсетсе болғаны», — деді ол.

Вера Павловна өз жасына қарамастан, денсаулығының жақсы екенін айтып, погонды қонақтарына да сондай денсаулық тіледі.

Полицейлер болса бұл құжаттың да мерзімі аяқталғанда тағы да кездесіп, жаңа куәлік табыстауға әзір екендіктерін жеткізді.

89