
Flyarystan-ның жауапсыздығы: 12 жастағы қызды ұшақтан қалдырған әуе компания 5 млн теңге өтемақы төлейді
Әуе компаниясы 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндетті. 12 жастағы қызды ұшаққа мінгізбегені үшін сот осындай шешім шығарды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған Qazaq.today. Бұған дейін отандық лоукестер әуе тасымалына қатысты заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынған еді. «Алматы қаласының Түрксіб ауданы соты Air Astana компаниясына қарасты Fly Arystan Астана-Орал бағытында 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбағаны үшін…