Мінсіз қызмет: әйелін ұрып өлтірген Бишімбаевты соттаған судья марапатталды

Бишімбаев ісі бойынша үкім шығарған судья Айжан Құлбаева марапатталды.

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Айсұлу Сламбекова салтанатты жағдайда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Құлбаеваға ведомстволық марапатты табыстады.

Айжан Құлбаева сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті қызметі және дамытуға қосқан үлесі үшін жоғарғы соттың ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Айсұлу Сламбекова сот төрағасы Құлбаеваның істерді адал, сапалы қарайтынын атап өтіп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, судья Айжан Құлбаева әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша үкім шығарған еді.

92