
Мемлекетаралық байланысты тереңдетті: Тоқаев Қытай елшісінің кеудесіне орден тақты
Фото: Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Чжан Сяоны қабылдап, дипломатты марапаттады, деп хабарлайды Qazaq.today. Кездесу барысында президент Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзара сенім мен құрметке негізделген тиімді ынтымақтастықтың нығаюына екі тарап та үлес қосып келеді….