Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын», делінген хабарламада. Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы 26 наурызда Сарыағаш ауданында туған, қазақ,…