Эксклюзивті мазмұн:

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын», делінген хабарламада.

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы 26 наурызда Сарыағаш ауданында туған, қазақ, білімі жоғары.

Білімі: 1996 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылық институтын «Экономика жəне менеджмент» мамандығы бойынша бітірді.

2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің заң факультетін бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.

1991 жылы – Келес ауданы «Коммунизм» жұмыс бөлімінің қызметкері;

1996-1999 жылдары – «Келес» РМҚК аға экономисті, Ақмола облысының «Кураков және К» ЖШС бас есепшісі;

2000 жылдан бастап 2002 жылға дейін мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік рәсімдерді бақылау басқармасының жетекшісі, бас бақылаушы-аудиторы;

2002 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімінің референті, кеңесшісі, бас сарапшысы және сектор меңгерушісі;

2006-2007 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің «Жылу» Мемлекеттік Комитетінің директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында әділет басқармасында жұмыс істеді.

2007-2010 жылдар аралығында –  Білім және ғылым министрлігі Бюджет департаменті директорының орынбасары, қаржы департаменті директорының орынбасары, ғылым комитетінің төрағасының орынбасары;

2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық басқарма бастығының орынбасары;

2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін – Шымкент қаласының әкімі;

2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;

Парламент Сенат депутаты, Шымкент қаласынан (2018 жылдан), Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі Тұрақты комитетінің мүшесі (2018 жылдан бастап);

2019 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үішін», «Астана қаласының 10 жылдығы», «Аймаққа қызмет көрсету үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Айта кетейік, 2019 жылдың 26 ақпанынан бүгінге дейін Түркістан облысының әкімі қызметін Өмірзақ Шөкеев атқарып келді. Ол 24 тамызда отставкаға өтініш берді. Оған биылғы 23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, 10 жылға сотталуы себеп болды.

 

Соңғы

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here