QazaqToday

Ел тұрғындары қаржы пирамидаларын құрушыларға 20 млрд теңгеге алданған

Қазақстандықтарға 20 млрд теңгеге жуық шығын келтірген қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша жыл басынан бері 57 қылмыстық іс тергелді, деп хабарлайды Qazaq.today.  Ведомство мәліметінше, бүгінге дейін 12 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. «Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы енгізілді. Мәселен, Алматыда…

Толық оқу

Қазақ тілін қорлаған бас бапкер Черчесов қомақты айыппұл төлейтін болды

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тіліне қатысты әзілінен кейін айыппұл салынды. Бұл туралы ҚФФ басшысы Әділет Барманқұлов айтты, деп хабарлайды Tengri Sport-қа сілтеме жасаған Qazaq.today. «Қателіктер бар, біз бұл туралы кеше ғана журналистермен сөйлестік. Черчесовтың әзілі, әрине, шектен шығып кетті. Мен онымен жеке сөйлестім, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдылығын түсіндірдім. Біз онымен әңгімелесу…

Толық оқу

«Хуторлықтардың ағасы»: Талғар әкімдігі аппаратының жетекішсі Аслан Қасымбаевта жұмыстан қуылды

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымбаев Аслан Нұрғайыпұлы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaq.today.  Сонымен қатар, Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат Есенкелдіұлы және оның орынбасары Бидаев Айбек Дүйсембекұлы «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осыған дейін Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған. Осыған…

Толық оқу

Полиция әйелді 12 минутта тапқан: ресейлік келіншек Түркия әуежайының дәретханасына босанған нәрестесін тастап кеткен

Анталья әуежайының дәретханасында босанған әйел сәбиін сол жерге тастап, ұшып кетпек болған, деп хабарлайды Qazaq.today Түркияның Hurriyet басылымына сілтеме жасап. Басылымның жазуынша, Анталья халықаралық әуежайындағы дәретханада жатқан нәрестені тазалаушы әйел тапты. Бала тірі болып шықты. «Баланың анасы бақылау камералары арқылы жедел түрде анықталды. Ол Мәскеуге ұшатын рейске тіркеуден өту үшін кезекте тұрған Ресей Федерациясының азаматы болып…

Толық оқу

Ішімдікке ақша сұраған: Түркістанда 30 жыл отасқан күйеуін әйелі белбеумен қылқындырып өлтірген

Түркістанда 30 жыл отасқан күйеуін өз қолымен өлтірген 50 жастағы әйел сотталды. Қайғылы жағдай биылғы жылдың 22 сәуірінде Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында болған еді. Сотталушы Лобар Хаджиева мен марқұм күйеуінің төрт баласы бар. Оның екеуі ұл, екеуі қыз. Ұлдарының бірі екінші топ мүгедегі. Сот барысында мүмкіндігі шектеулі ұлының физикалық кемістігі үшін әкесінен қорлық көріп өскені айтылды….

Толық оқу