Сонымен қатар, Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат Есенкелдіұлы және оның орынбасары Бидаев Айбек Дүйсембекұлы «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осыған дейін Талғар қаласының әкімі Қуатбекұлы Бахыт Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған. Осыған дейін оның қызметіне қатысты құзырлы орган өкілдері пікір білдірген еді.
Еске салсақ, осыған дейін Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін, әлеуметтік желіде және кейбір ақпарат құралдарында Талғар ауданы әкімдігі аппарат басшысының осы қылмысты жасағандармен байланысы туралы ақпарат тарады. Ауданның аппарат басшысы Аслан Қасымбаев «хуторлық Хасан» деген атпен танымал қылмыстық тұлғаның туған бауыры екені жазылып жатыр. Ал олардың тағы бір ағайыны істі болғаны белгілі болған.