
Депозит сияқты деп ойладық: Jusan Invest клиенттері миллиондаған ақшаларын жоғалтқан
Jusan Invest клиенттері өздерінің салымдарының 90%-на дейін жоғалтқанын мәлімдеді. Фото видеодан алынды 2021 жылы салымшылар құрылымдық ноталарды сатып алған болатын. Алайда, 2023 жылдың көктемінде бұл қаржылық құралдардың құны кенеттен 70%-дан 90%-ға дейін төмендеген. Дәл осы кезде котировкаларды бақылауға болатын қосымша істемей қалған. Нәтижесінде, адамдар құнды қағаздарын дер кезінде сата алмай, өз қаражаттарынан айырылған. Қаражатты сақтап, көбейтеміз…