Махамбет ауданының прокуратурасымен 38 000 000 теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Талдау нәтижесімен Бейбарыс ауылдық округінің әкімімен «Первомайский» ЖШС-не понтонға орнатылған су насосы станциясы тендер өткізусіз сенімгерлікке берілгені анықталған, деп жазады Zakon.kz.
«Шаруашылық субъектісі понтондық станцияны мемлекетке зиянды түрде қолдануды жалғастырған. Аудан әкіміне енгізілген заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынумен мүлік мемлекетке қайтарылған»,- делінген ведомство хабарламасында.
Ауылдық округ әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Фото: pexels