Фото: instagram.com / aidyn_nury
Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызына сонау Түркиядан арнайы сыйлық жіберді, деп хабарлайды Qazaq Todау ақпарат порталы.
Бұл туралы Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді.
«Бүгін мынадай сыйлық келді. Кімнен екен?», — деген Баян Мақсатқызы шоколадты құлпынай мен түрлі жемістер толы себетті ашып, ашықхатты дауыстап оқып берді.
Құттықтау хатта «Баяшка, ханшайымның бауы берік болсын! Ғұмырлы болсын! Aidyn_nury» деп жазылған екен.
«Көп рахмет, Айнұр. Анау Түркиядан құттықтап жатқан қандай мұқият адамсың», — деп алғысын білдірді Баян Мақсатқызы.