Жыл басталғалы 16,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 16 мың 408 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады Qazaq.today Halyq Uni — не сілтеме жасап. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,7%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 10,9% – Моңғолиядан, 7,7% – Ресейден, 6,3%…
