Ауғанстанға кеткен қазақстандық құтқарушылар елге оралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға барған Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары елге оралды, деп хабарлайды Qazaq.today  Halyq Uni -не сілтеме жасап.  ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, гуманитарлық миссияны орындау үшін жалпы 45 адам, оның ішінде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептоптары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері жіберілген…

Толық оқу

Каспийде тағы да итбалықтардың өлексесі табылды

Бүгін сағат 10:40-та Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы қызметкерлері Түпқараған ауданына қарасты Баутино ауылының маңында 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 бекіре тұқымдас балықтарды тапты, деп хабарлайды Qazaq.today. Балық шаруашылығы комитетінің хабарлауынша, табылған теңіз жануарлары мен балықтардың өлексесі әртүрлі дәрежеде ыдыраған. Бұл олардың өлімі әр уақытта болғанын көрсетеді….

Толық оқу

SKI BUSINESS AWARDS-2023: Шымбұлақ үздік тау шаңғысы курорты атанды

«Шымбұлақ» таулы курорты 9-13 қазан аралығында Сочидегі «Красная Поляна» курортында өтетін туристік аумақтар форумы аясында SKI BUSINESS AWARDS 2023 нұсқасы бойынша «Үздік тау шаңғысы курорты» атағына ие болды, деп хабарлайды Qazaq.today. Федералдық форумда 1000-нан астам инвестор, бизнесмен, тау шаңғысы кешендерінің, қалалық және қала сыртындағы туристік нысандардың, ойын-сауық саябақтарының, қонақ үйлердің, мейрамханалардың және федералдық және өңірлік…

Толық оқу

БҚО-да нан бағасы өспейді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Умашев айтты, деп хабарлайды Qazaq.today. Спикердің айтуынша, бірінші сұрыпты ұн бойынша халықтың айына қажеттілігі 518,3 тоннаны құрайды. Өйткені, өңірде ұн бағасы тұрақты. Ұнның орташа бағасы 213 теңге, ал 1 сұрыпты ұннан жасалған нан бағасы 153 теңге. «Облыста 2…

Толық оқу

Скандинавиялық жүріс: Алматының 80 жастағы зейнеткерлері қаланың көшелері мен саябақтарында серуендеуде

Алматы қаласының егде жастағы адамдары «қартайдым» деген сөзді ұмыту керек.  24 қазанда Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына келушілер арасында скандинавиялық жүріс бойынша қалалық фестиваль өтеді. Қазір зейнеткерлер фестивальге мұқият дайындық  жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Мәселен, Әуезов ауданының зейнеткерлері Сайран көлінің жағасынан 5 шақырым жолды жаяу жүріп өтті. Іс-шараны аудан әкімдігі «Белсенді…

Толық оқу
Яндекс.Метрика