«13 сағат қара жұмысқа жеккен»: Жамбылда супермаркет студентті ақысыз жұмыс істеткен
Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында орналасқан «Адал» супермаркеті жас қызды тәжірибеден өткізу сылтауымен күні бойы ауыр жұмысқа жегіп, еңбекақысын төлемей жіберген. Жәбірленушінің айтуынша, ол дүкенге ресми жұмысқа орналасу мақсатында барған. Алайда қызметкерлер «алдымен бір күндік стажировкадан өтесің» деп қабылдаған. Сол күні таңертеңнен кешке дейін студент сөре тасып, жәшік көтеріп, қара жұмысты толық атқарғанымен, кешке еңбекақы берілмеген….
