«Reels түсірмесең – жұмыс істемегенсің»: Мұғалімдер әлеуметтік желіде есеп беруге мәжбүр ме?

Фото: видеодан скрин Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді әлеуметтік желіде Reels түсіруге және ата-аналар чатында белсенді болуға мәжбүрлеу – заңға қайшы әрі ұстаздардың жеке өмірі мен психологиялық саулығына нұқсан келтіреді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде білім беру саласында «егер шараны видео немесе фото түрінде жарияламасаң – ол өткізілмеген» деген түсінік қалыптасқан. Бұл жағдай ұстаздарға қосымша…

Толық оқу

Ертең елімізде телеарналар мен радиолар жұмысын тоқтатады

Фото: Pixabay 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады. «Қазтелерадио» АҚ толассыз әрі сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық…

Толық оқу

Экс-министр Нұрлан Байбазаров Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды

Фото: primeminister.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде бірқатар тағайындау жүргізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Сол сияқты Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

Толық оқу

Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар қызына ән арнап «Кәусар» қорын ашты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz Белгілі әнші Төреғали Төреәлі ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық бағытында жаңа қадам жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Төреғали Төреәлі табысының бір бөлігін жаңа «Кәусар» қорына аударып отыратынын айтты. Журналист Айгүл Мүкей өзінің парақшасында бұл туралы былай деп жазды: «Бүгіннен бастап ол өз табысының 10 пайызын арнайы құрылған қорға…

Толық оқу

«Сені жұмыстан шығарады деп ойлаймын»: Димаш Құдайберген Олжас Байділдинов туралы

Коллаж: sn.kz Танымал әнші Димаш Құдайберген ҚазМұнайГаз-дың бұрынғы басшысы, мұнай сарапшысы Олжас Байділдиновке шүйлікті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Олжас Байділдинов осыдан бірер күн бұрын газ бағасының қымбаттап жатқанын тілге тиек етіп, Астана мен Алматы қалаларындағы автобуста жол жүрі бағасын 500 теңгеге қымбаттатуды ұсынған еді. Сондай-ақ, қазақ тілін кемсіткен. «Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілдерін құрметтейміз….

Толық оқу
Яндекс.Метрика