Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде Ердоған жеңіске жетті
Түркиядағы президент сайлауының екінші кезеңінде қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған жеңіске жетті. Бұл туралы Түркия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ахмет Йенер хабарлады, деп жазады Qazaq.today ақпараттық агенттігі. «Түркиядағы, шетелдік өкілдіктер мен шекара бекеттеріндегі сайлау учаскелерін қосқанда 99,43 пайыз бюллетень саналды. Оның қорытындысы бойынша Режеп Ердоған – 52,14 пайыз, Кемаль Кылычдароглу – 47,86 пайыз дауыс…
