Облыста 250 мың адам саяси репрессияның құрығына ілікті — Марат Сұлтанғазиев
Сталиндік қуғын-сүргін кезінде Алматы облысында 250 мың адам жазаланған. Олардың тең жартысына жуығы түрмеге қамалып, он бес мыңнан астамы жазықсыз атылып кеткен. Бүгін Алматы мен Алматы облысың тұрғындары Талғар ауданындағы Жаңалық ауылына жиналып, қаралы митинг өткізді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталының тілшісі. Жаңалық ауылындағы сайда атуға жазасына кесілген төрт мыңнан астам алаштықтардың мүрдесі шұңқырға көмілген….
