Қаскелеңде жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті (ВИДЕО)
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан бүлінген автобусты, бірнеше жедел-жәрдем көлігін, сол маңға жиналған адамдарды байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар автобусы қандай да бір себептермен Алматы облысындағы Қаскелең көпірінен құлаған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
