qazaqtoday

Ақтөбеде мүгедек болып қалған қыздың ата-анасы ауруханадан 10 миллион теңге талап етіп, сотта жеңіп шықты

Ақтөбе облысында 4 жасар қыздың ата-анасы ауруханадан 10 миллион талап етіп, сотта жеңіске жетті. Себебі бала қатты күйік алып, бір ай қиналған, ал дәрігерлер ота жасауға асықпапты. Салдарынан 4 жасар қыз мүгедек болып қалды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  Өткен жаздың басында Балымның бөксесі, жамбасы, аяғы мен табаны қатты күйген. Ата-анасы бірер секундқа көз жазып қалған…

Толық оқу

Мектептерде ақша жинағандарға айыппұл салынады

Қырғыз Президентінің жарлығымен салынған тыйымға қарамастан, мектептерде әлі күнге заңсыз ақша жинау әрекеті жалғасып келеді. Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары елдегі «Білім туралы заңға», «Құқық бұзушылық туралы кодекске» мектепте заңсыз ақша жинағаны үшін айыппұл салуды көздейтін түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады. Заң жобасының бастамашысы кенеш депутаты Миргүл Темірбаеваның айтуынша, Қырғыз Президентінің жарлығымен салынған тыйымға қарамастан, мектептерде…

Толық оқу

Алматы облысында жер сілкінісінен кейін баспанасы жарамсыз боп қалған отбасы өтемақы ала алмай жүр

Алматы облысында жер сілкінісінен кейін баспанасы жарамсыз болып қалған отбасы әкімдіктен өтемақы ала алмай жүр. Көктемдегі жерасты дүмпулерінен соң қабырғасы сөгіліп, іргетасы отыра бастаған үйді мамандар апатты деп тапқан. Бірақ сотқа жіберілген талап-арыз қанағаттандырылмай, оларға қаражат бөлінбеген. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. Жер сілкінгенде Лейлә Амринаның үйіндегі қонақ бөлменің қабырғасы сөгіліп кеткен. Олар зақым келген бөлменің…

Толық оқу

Рамазан Тоқтаров: Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы

Рамазан Тоқтаров (1935-2001) – қазақтың көрнекті жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері. Ол Павлодар қаласында дүниеге келіп, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Өкінішке қарай, оның есімі мен еңбегі туған өлкесінде елеусіз қалып отыр. Qazaq.today сайты қаламгердің шығармашылығы мен өмірі туралы ақпарат беруді жөн санады. Білім және еңбек жолы Рамазан Тоқтаров Алматы шет тілдер…

Толық оқу

«Өтініш, менің телефонымды, мекенжайымды қыздарға бермеңіздерші»: Сәкен Майғазиев Мейрамбек Бесбаевқа таңғалғанын айтты

Әнші Сәкен Майғазиев Алматы қаласына алғаш келген сәтін есіне алды. Әнші әсем қала келгенде ерекше әсер сыйлағанын айтады. Ол әріптесі Мейрамбек Бесбаевпен осы жерде танысқанын атап өтті. «Созақтан мініп, «Сайран» автовокзалынан түскен едік. Ауа райы керемет болып тұрды. Сол кезде «Мейрамбек Бесбаев та осы қалада тұрады ғой» деп ойлаған едім. …Біз бозбала болып, мұрт шығып,…

Толық оқу
Яндекс.Метрика