Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөзі akorda.kz сайтында жарияланды. «Құрметті отандастар! Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді. Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға…
