Астанада ІІМ лауазымды басшылары пара алды деген күдікпен қамауға алынды
Астанада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары бірнеше рет пара алғаны үшін күдікке ілінді. Пара алу схемасы анықталды Антикор мәліметінше, пара алу ісі «Еңбек» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығына қатысты тіркелген. Олар мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу, орындалған жұмыстар актілеріне…
