«Мінезі ауыр»: Димаштың әжесі немересінің кемшілігін жасырмай айтты

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің әжесі немересі туралы қызықты дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы ол өзінің сұхбаттарында айтты.

«Айтқанды тыңдайды, орындайды. Бірақ өз айтқанынан қайтпайтын қайсар мінезі бар. Әлі сондай. Орындаймын десе, міндетті түрде орындайды», — деді әжесі.

Димаш Құдайберген болса, әжесінің сөзін жоққа шығармай мінезі туралы айтты.

«Кемшілігімді айтып берейін бе? Мінезі ауыр, қырсық, өзінің айтқанынан өліп кетсе қайтпайтын», — деді әйгілі әнші.

Әншінің тағы бір жақыны оның әзілге жақын екенін де жасырмады.

«Өзі ерке, еркін. Оған ешкім киімейді. Қабағыңа қарап отырады. Содан кейін әзілқой. Ойнап отырып айта береді. Ол мінезі қазір де бар. Мен: олай әзілдемесейші, адамдар түсінбей қалады, деп айтып отырамын. Былай мейіміді, қайырымды. Бәріне көмектескісі кеп тұрады», — деп айтты ол Димаш туралы.

Яндекс.Метрика