Бір адам қаза тапты: Қарағанды облысында ақша тиелген инкассатор көлігі өртеніп кетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында инкассатор көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде кең таралды.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, «Қазпоштаның» Қарқаралы бөлімшесіне тиесілі инкассациялық қызмет атқарып жүрген Lada Largus көлігі апатқа ұшыраған. Қарқаралы қаласының 28 жастағы тұрғыны – аталған көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оның әріптесі ауруханаға жеткізілген. Автокөлікте болған 3 миллион теңгеден астам қаржы көлікпен бірге жанып кеткен. Сондай-ақ қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізуші мас болғаны және бір жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны атап өтілген.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті жол апатының 2 желтоқсан күні сағат 16:40 шамасында Қарқаралы – Қарағайлы тас жолында болғанын растады.

«Алдын ала деректерге сәйкес, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып, Lada Largus-пен соқтығысқан. Салдарынан Lada жүргізушісі сол жерде көз жұмды. 36 жастағы жолаушы мен Camry көлігінің 41 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Караганда | Новости (@vkaragande.kz)

Яндекс.Метрика