Ғалымдар Жерден тағы бір магнит толқынын анықтады

Фото: adobestock.com

Жерде тағы бір G2 деңгейіндегі магниттік толқу тіркелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ресей Ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы таратқан ақпаратқа сәйкес, Жер маңында орташа қуатты G2 санатындағы геомагниттік толқын байқалған. Мамандар оның пайда болуын Күн бетіндегі тұрақты короналық ойықтан шығатын ағынмен байланыстырады.

Аталған ойық Күнде кемінде үш ай бойы сақталып тұр және Күннің 27 күндік айналу цикліне орай бұған дейін де бірнеше рет Жерге әсер еткен.

Болжам бойынша, геомагниттік жағдай келесі 1–2 күнде тұрақсыз күйінде қала береді.

Қазіргі толқынның G3 деңгейіне дейін күшею ықтималдығы жоқтың қасы, ал G4 және одан жоғары дәрежеге жету мүмкіндігі мүлде болжанбайды.

Яндекс.Метрика