Әнші Тұрар эфирде Бағым Мақсатқызын ұятқа қалдырды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

«The Voice Қазақстан» жобасының тәлімгерлері Тұрар Ыдырыс пен Бағым Мақсатқызы «Қызық Times» бағдарламасының қонағы болып, қызықты мәліметтермен бөлісті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бағдарламада Тұрар Ыдырыс продюсер туралы тараған «бейнебаян түсірілімінде танымал әншілердің орнына өзі ән айтқан» деген әңгімеге қатысты сұрақ қойды.

«Бір жағдай есіме түсе қалды. Айтуға бола ма, жоқ па, білмеймін. Бір кезде төрт қыздан құралған “Дауыс International” тобы болды. Солардың бейнебаянын шұғыл шығару керек болып, қыздар дайын болмай қалды. Сол кезде сіз төрт қыздың орнына төрт түрлі дауыспен ән айтқансыз деген сөз бар. Рас па?» – деп сұрады ол.

Бағым Мақсатқызы бұл ақпараттың толық сәйкес келмейтінін, тек екі қатысушының дауысын өзі оздырғанын айтты.

«Төреуі емес. Асыл мен Рано дайын болды. Ал Әсел Сәдуақасова мен тағы бір қыз дайын болмады. Әсел ол кезде 10-сыныпта оқитын, кастингке алғаш рет қатысып тұрған қыз еді, бірақ топқа қабылданды. Бізге бейнебаянды тез шығару қажет болды. Қыздар жеке өнер көрсете алады, бірақ дайындықсыз бірден суырып салып айту – басқа деңгей. Сондықтан екі қыздың орнына екі түрлі тембрмен өзім айттым», – деді продюсер.

Жүргізуші «Қазір YouTube-тен сол әнді қосып тыңдасақ, ондағы дауыс сіздікі ме?» деп нақты сұрады.

«Иә, әрине, ол жерде менің дауысым бар», – деп растады Бағым Мақсатқызы.

Яндекс.Метрика