World Boxing: Қазақстан АҚШ пен Өзбекстанды артта қалдырды

Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Әлемдегі ең танымал ұлттық бокс федерацияларының Instagram парақшалары арасында Қазақстан Бокс федерациясының ресми аккаунты бірінші орынға шықты. Бұл туралы World Boxing баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Рейтинг World Boxing құрамындағы ұлттық федерациялардың жазылушылар саны бойынша жасалған. Нәтижесінде Қазақстанның парақшасы 300 мың оқырманымен көш бастады. Екінші орында – 218 мың жазылушысы бар АҚШ Бокс федерациясы, ал үшінші орынға 194 мың оқырманы бар Өзбекстан Бокс федерациясы тұрақтаған.

– Бокс қазір тек рингтегі емес, әлеуметтік желілердегі бәсекеге де айналды. 2025 жылы лайк, пікір, репост – бұл да ойынның бір бөлігі. Біз Instagram-дағы ең танымал ұлттық бокс федерацияларын анықтап көрдік. Нәтиже бойынша Қазақстан бірінші орында. Одан кейін АҚШ, Өзбекстан, Англия және Италия орналасқан, – деп жариялады ұйым өкілдері.

Яндекс.Метрика