BoxingScene мәліметінше, VADA тексерісі кезінде боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний анықталған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Мельдоний — Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінде тек рецеппен берілетін препарат. Алайда боксшы бұл дәріні ешқашан қолданбағанын айтып, айыптауды жоққа шығаруда. Сондықтан жағдай даулы сипат алуы мүмкін.
Айта кетейік, мельдоний 2016 жылдан бастап Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) жарыс кезінде де, жарыстан тыс уақытта да пайдалануға қатаң тыйым салынған заттар тізіміне енгізілген.
Жақында ғана Жәнібек Әлімханұлының да допинг-тесті оң нәтиже бергені хабарланған еді. Ал боксшының өзі: «Бұл сынақтан да өтеміз, бұйырса!» деп пікір білдірді.
