Тоқаев Молдова халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.