Фото: m24.ru
Ақтауда 49 жастағы ер адам тапсырыс жеткізіп жүріп жолда қайтыс болды. Оқиға қаланың 5-шағын ауданындағы «Волна» базарының маңында болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Lada.kz дерегінше, марқұм курьер болып жұмыс істеген. Ол тапсырысты жеткізіп келе жатып кенеттен құлап, есінен таныған.
Куәгерлер ыстықтан басы айналған болар деп ойлап, оның бетіне суық су шашып, жедел жәрдем шақырған. Бірақ дәрігерлер келгенше ер адам жан тапсырды.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті мәліметінше, қоңырау түскі сағат 13:32-де түскен. Алдын ала болжам бойынша, ер адамның жүрегі тоқтап қалған. Нақты себебі медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.