ҰҚК мәліметінше, екі шетелдікті Ақтау әуежайында шекарашылар ұстаған.
«Рентгендік сараптама олардың құрсақ қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралардың көмегімен шетелдіктердің асқазанынан героин мен синтетикалық есірткі салынған 30-дан астам контейнер алынды», – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Тәркіленген заттардың жалпы салмағы бір келіге жуық.
«Соттың қаулысымен сотталушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 286-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі.