Әлеуметтік желіде қайғылы оқиға болған жердің видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq.today.
Видео «Teracotta» тұрғын үй кешенінде болған.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (Өз-өзін өлтіруге жеткізу) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлады.
«Болжам бойынша өз-өзіне қол салған 2000 жылы туған В. есімді азаматша. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
Qazaq.today