Димаш Құдайберген Президент Тоқаевпен бір ұшақта отырған фотосын жариялады

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақтағы үстел басында отырған фотосы мен видеосын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today.

«Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!», — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, ҚР Президенті Қ.Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды.

Одан кейін Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

 

Qazaq.today 

33