Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма? Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді

Сезім Қайратқызы туралы қауесеттерге анасы жауап берді
Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың қызы Сезім Қайратқызының тұрмысқа шығуы мүмкін екені туралы сұрақтар көбейді. Бұл сауалға актриса әрі Сезімнің анасы Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жауап берді.

Жұлдыз Әбдікәрімованың мәлімдемесі

Желі қолданушыларының «Сезім тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?» деген сауалына актриса былай деп жауап берді:
«Сары пабликтер» қызым жайлы оқырман санын көбейту үшін түрлі тақырыптарды тарата береді. Біріншіден, Сезімнің басы сабақтан, жобалардан және жаттығулардан босамайды. Екіншіден, ол күйеуге түгілі, жігітпен де жүрмейді. Ал мамандық пен оқу орны туралы әзірге оның рұқсатынсыз айта алмаймын», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ақ орамал таққан видеоның таралуы
Осыған дейін Сезім Қайратқызының ақ орамал таққан видеосы әлеуметтік желілерде таралып, тұрмысқа шығу туралы қауесет тараған еді. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.